«Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 18 бұйрығы

«Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 18 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағында:

5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

«19) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;

20) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.